Tylol hot
төмен қарай аударыңыз

ТАЙЛОЛ ФЕН ХОТ -
Тұмау мен суық
тию белгілеріне қарсы

1 қалташаның құрамында: парацетамол 500 мг,
хлорфенирамин малеаты 4 мг, фенилэфрин гидрохлориды 10 мг.

Құрал суық тию сырқаттарын, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын емдеу кезінде белгіленетін анальгетиктер мен антипиретиктердің негізінде жасалған құрамдастырылған дәрілік заттардың тобына кіреді.

Жиынтықтағы дәрілік зат құрамдаушылары ағзаға деген өзара әрекетін толықтыра түсіп, оның сырқатпен күресудегі тиімділігін арттырады.

Ыстық
сусын
12
саше
20%
үнемділік
small-lemon
tylol-hot

Саше түріндегі ТАЙЛОЛФЕН ХОТ дәрілік заты парацетамол, хлорфенирамин малеаты мен фенилэфрин гидрохлоридының арқасында күшейтілген ауырсынуға қарсы, дене қызуын түсіретін, антигистаминді және ісінуге қарсы әсерге ие.

Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні әзірлеуге арналған ұнтақ.

ТАЙЛОЛ ФЕН ХОТ
ДӘРІЛІК ЗАТЫНЫҢ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

pain
01

Дене қызуын түсіруші әсер – парацетамолдың күшейтілген дозалануы

pain
02

Ауырсынуды басатын әсер

pain
03

Мұрынның бітелуін шешеді

pain
04

Өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы

pain
05

Ұнамды лимон дәмі бар

* Дәрілік зат туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін нұсқаулықты жүктеп алу қажет

ТҰМАУ МЕН СУЫҚ
ТИЮ ТУРАЛЫ

Дәрігерлер үшін суық тию мен тұмау – бұл екі түрлі ауру, ал біздер, қарапайым адамдар үшін, - өзін-өзі нашар сезіну мен төсек тартып жатуды білдіреді.

Сонымен тұмауды басқа вирустардан қалай ажыратуға болады?

БЕЛГІЛЕРІ СУЫҚ ТИЮ ТҰМАУ
Белгілері қалай дамыған? Бірте-бірте Жылдам
Дене қызуы бар ма? T < 38°, Дене қызуы жоқ/әлсіз T > 38° Қатты
Шаршағандықты сезінесіз бе? Шамалы Қатты
Қалтырау? Жоқ Ия
Қай жеріңіз ауырып тұр? Шамалы басым ауырып тұр Бүткіл денем ауырып тұр
Айқын бас аурау бар ма? Жоқ Ия
Мұрынның бітелуі? Ия 2-3-ші күні
Тамағыңыз ауырып тұр ма? Ия 2-3-ші күні
Жөтелдің қандай түрі? Жиі қақырығы бар ылғалды жөтел Аурудың бас жағында қақырығы жоқ құрғақ жөтел
СУЫҚ ТИЮ ТҰМАУ
Белгілері қалай дамыған?
Бірте-бірте Жылдам
Дене қызуы бар ма?
T < 38°, Дене қызуы жоқ/әлсіз T > 38° Қатты
Шаршағандықты сезінесіз бе?
Шамалы Қатты
Қалтырау?
Жоқ Ия
Қай жеріңіз ауырып тұр?
Шамалы басым ауырып тұр Бүткіл денем ауырып тұр
Айқын бас аурау бар ма?
Жоқ Ия
Мұрынның бітелуі?
Ия 2-3-ші күні
Тамағыңыз ауырып тұр ма?
Ия 2-3-ші күні
Жөтелдің қандай түрі?
Жиі қақырығы бар ылғалды жөтел Аурудың бас жағында қақырығы жоқ құрғақ жөтел

Біз өзін-өзі емдеумен айналыспауды, ал суық тиюдің немесе тұмаудың кез-келген белгілерінде өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізден кеңес алуды ұсынамыз.

Деніңіз сау болсын.

small-lemon
small-lemon

COVID-19
КЕЗІНДЕГІ ПАРАЦЕТАМОЛ

Дене қызуының жоғарылауы – бұл коронавирусты инфекцияның негізгі белгілерінің бірі. Парацетамолдың негізіндегі дәрілік заттар қалтырау, ауырсыну, қабыну кезінде ең жиі белгіленетін құралдардың қатарына кіреді.

ТАЙЛОЛ ФЕН ХОТ күшейтілген дене қызуын түсіретін әсерге ие, себебі оның құрамында 500 МГ парацетамол бар.

КОРОНАВИРУС
БЕЛГІЛЕРІ

Қоздырғыштың жаңа түрін жұқтырудың алғашқы кезеңінде коронавирустың белгілері қарапайым суық тию немесе тұмаудың белгілеріне ұқсас болып келеді: құрғақ жөтел, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы.

Төменде сіздің ыңғайлығыңыз үшін COVID-19 белгілері келтірілген арнайы кесте әзірленген.

Жоғарылаған
дене қызуы
Жөтел
Тамақтағы және жұтыну
кезіндегі ауырсыну сезімі
Қиын дем
алу/демікпе
Бас ауруы

Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз. Егер өзіңізде коронавирус, ЖРВИ немесе тұмау белгілерінің бар екендігіне күдіктенетін болсаңыз, Не занимайтесь самолечением. Если Вы заподозрили у себя симптомы коронавируса,
стез арада жедел жәрдем шақырыңыз.

Коронавирусты инфекция туралы толық ақпаратты 1406 нөмірі бойынша немесе
https://www.coronavirus2020.kz/ сайтынан алуға болады

COVID-19 МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

 Жалпы хаттамалар

1. Үйге оралғаннан кейін, еш нәрсеге тимеуге тырысыңыз.

2. Аяқ киіміңізді шешіңіз!

3. Егер көшеге үй жануарын өзіңізбен бірге алған болсаңыз, оның табандарын дезинфекциялап тазартыңыз.

4. Бірден барлық киімдеріңізді шешіп, содан кейін жуу үшін, пакетке тастаңыз.

5. Сөмкелерді, кілттерді, әмияндарды және т. б. кіре берістегі қорапта қалдырыңыз.

6. Шомылыңыз. Егер мүмкіндік болмаса, дененің жабық болмаған барлық бөліктерін сумен шайыңыз.

7. Құрамында спирт бар сұйықтықпен телефонды дезинфекциялаңыз, ал көзілдірікті сабынмен жуыңыз.

8. Сөмкелердің жән сатып алған заттардың барлық сыртқы бетін орнына қояр алдында тазалаңыз.

9. Қолғапты абайлап шешіп, лақтырып тастаңыз және қолыңызды жақсылап жуыңыз.

10. Есіңізде сақтаңыз, барлығын бірдей дезинфекциялау мүмкін емес, ең бастысы қауіптілік көздерін азайту қажет.

1. Далаға шығар алдында ұзын жеңді күртешені/пиджак/жакетті киіңіз.

2. Шашыңызды жинаңыз. Сақина, сырға, білезіктер тақпаңыз.

3. Егер сіздің бетпердеңіз бар болса, оны тікелей шығардың алдында киіңіз.

4. Қоғамдық көлікті пайдаланбауға тырысыңыз.

5. Егер итіңізді алып шықсаңыз, ол сыртқы беттерге жанасуы/сүйкенуін жол бермеуге тырысыңыз.

6. Өзіңізбен бірге бір реттік майлықтарды алыңыз. Оларды қолды сыртқы беттермен жанасудан қорғау үшін пайдаланыңыз.

7. Пайдаланылған бір реттік майлықтарды қоқыс жәшігіне тастамас бұрын жақсылап бүктеп жұмарлап тастаңыз.

8. Алақанға немесе ауаға емес, шынтаққа жөтеліңіз /түшкіріңіз.

9. Қолма-қол ақша төлемеуге тырысыңыз. Егер төлеуге тура келген болса - қолыңызды жақсылап дезинфекциялаңыз.

10. Бетке әрбір жанасқаннан кейін қолыңызды жуыңыз (немесе гельмен дезинфекциялаңыз).

11. Қолыңызды жуғанша, бетіңізді ұстамаңыз.

12.Адамдардан 1,5 - 2 метр алшақ қашықтықты сақтаңыз.

1. Ештеңені ұстамауға тырысыңыз.

2. Аяқ киіміңізді шешіңіз.

3. Егер көшеге үй жануарын өзіңізбен бірге алған болсаңыз, оның табандарын дезинфекциялап тазартыңыз.

4. Бірден киімді шешіп, содан кейін жуу үшін оны пакетке салыңыз.

5. Кілттерді, сөмкелерді, әмиянды кіре берісте қалдырыңыз.

6. Шомылыңыз. Егер мүмкіндік болмаса, дененің ашық болған барлық бөліктерін (алақан, білек, бет, мойын) сумен шайыңыз.

7. Қолғапты киіңіз, бұдан соң құрамында спирт бар сұйықтықпен телефонды дезинфекциялаңыз, ал көзілдірікті сабынмен жуыңыз, сөмкелердің жән сатып алған заттардың барлық сыртқы бетін хлор ерітіндісімен тазалаңыз (құрамы суретте көрсетілген).

9. Қолғапты абайлап шешіп, қоқыс салатын шелекке лақтырып тастаңыз. Бұдан соң қолыңызды мұқият жуыңыз.

10. Барлығын дезинфекциялау мүмкін емес. Басты міндет - қауіптілік көздерін азайту.

1. Бөгде адамдардың келуін болдырмау.

2. Отбасының/үй шаруашылығының барлық мүшелері қолдарын жиі жууы керек.

З. Карантин бөлмесіне кірер кезде ауыз бен мұрынды жабатын тығыз жабысып тұратын медициналық бетперде кию қажет. Егер бетперде дымқыл немесе лас болса, оны дереу жаңа бетпердемен ауыстыру қажет. Бетпердені тиісті техниканы пайдалана отырып алып тастау - яғни алдыңғы бөлігін ұстамау қажет.

4. Карантиндік бөлмеде орналасқан карантиндегі адаммен және сыртқы беттермен, киімдермен, төсек-орынмен және ыдыспен кез-келген байланыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану.

5. Күн сайын карантиндегі адамның бөлмесіндегі сыртқы беттерді тазарту және дезинфекциялау.

6. Карантиндегі адамның барлық кір киімдерін жуғанға дейін, оның бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Кірді жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет.

7. Карантиндегі адаммен заттарды бірлесіп пайдаланудан бас тарту.

1. Үйден шықпау.

2. Пәтерде басқа отбасы мүшелері тұрған жағдайда есігі жабық жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу қажет. Бөлмеден шығуға тек қажетті рәсімдер үшін және қысқа уақытқа рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын бетпердемен жабылуы тиіс.

З. Вирустың таралуын болдырмау үшін, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын майлықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу.

4. Қолды сабынмен жуу немесе тамақ ішер алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.

5. Мүмкіндігінше, жеке дәретхананы пайдалану.

6. Температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде КВИ бойынша колл-орталыққа (1406 нөмірі) хабарласу немесе карантин туралы хабарлай отырып және өтініштің себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру (103 нөмірі).

1 Барлығына күніне кемінде 2 рет дене температурасын өлшеу керек.

2. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.

3. Күн сайын ылғалды тазалау жүргізу.

4. Қолды жиі сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.

5. Отбасының/үй шаруашылығының әрбір мүшесі жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдаланулары қажет.

6. Бөгде адамдардың келуін болдырмау.

7. Вирустың таралуын болдырмау үшін, түшкіргенде немесе жөтелгенде бір рет қолданылатын майлықпен ауыз бен мұрынды жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеңіз.

8. Отбасының/ үй шаруашылығының кез-келген мүшесінде температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған жағдайда, карантин туралы хабарлай отырып және өтініш беру себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа (1406 нөмірі) дереу хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру (103 нөмірі) қажет.

Өзіңізді және жақындарыңызды күтіп ұстаңыз!

ТАЙЛОЛ ФЕН ХОТ

тұмау және суық тию
белгілеріне қарсы